БҰҰ: Украинада 3496 бейбіт тұрғын қаза тапты

Жарияланды (жаңартылды )

Оның ішінде 238 бала

Украинада соғыс қимылдары басталғалы бері үш жарым мың бейбіт тұрғын қаза тапты. Мұндай мәліметтерді БҰҰ жариялап, бұл алдын ала мәліметтер екенін баса айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайтыс болғандар арасында – 238 бала. Жоғарғы комиссар кеңсесі мәлімдемеде қаза болғандардың көпшілігінің үлкен қашықтықтағы жарылғыш қарудан болғанын айтты. Бұл ретте Владимир Зеленский елдің НАТО-ға кіру мәселесін тағы да көтерді. Украина басшысының айтуынша, Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүшелік соғыстың алдын алуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз