Лаос билігі елдің туризм үшін толық ашылғанын жариялады
Жарияланды
(жаңартылды )
Вакцинацияланған саяхатшылар үшін елге кіруге барлық шектеулер алынып тасталды
Лаос билігі елдің туризм үшін толық ашылғанын жариялады. Вакцинацияланған саяхатшылар үшін елге кіруге барлық шектеулер алынып тасталды. Вакцинацияланбаған адамдар антигенге экспресс-тест тапсыру қажет болады (ұшуға дейін 48 сағаттан аспайды). Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Сонымен қатар туристер коронавирус жұқтырған жағдайда медициналық емдеудің барлық шығындарын өздері төлеуге міндетті болады.
Сондай-ақ, ойын-сауық орындарының жұмысы қайта жанданды: караоке-барлар мен түнгі клубтар іске қосылды.