Лаос билігі елдің туризм үшін толық ашылғанын жариялады - Kursiv Media Kazakhstan

Лаос билігі елдің туризм үшін толық ашылғанын жариялады

Вакцинацияланған саяхатшылар үшін елге кіруге барлық шектеулер алынып тасталды

Лаос билігі елдің туризм үшін толық ашылғанын жариялады. Вакцинацияланған саяхатшылар үшін елге кіруге барлық шектеулер алынып тасталды. Вакцинацияланбаған адамдар антигенге экспресс-тест тапсыру қажет болады (ұшуға дейін 48 сағаттан аспайды). Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Сонымен қатар туристер коронавирус жұқтырған жағдайда медициналық емдеудің барлық шығындарын өздері төлеуге міндетті болады.

Сондай-ақ, ойын-сауық орындарының жұмысы қайта жанданды: караоке-барлар мен түнгі клубтар іске қосылды.