Дамушы нарықтарда валюталардың динамикасы әртүрлі бағытта өрбіді

Жарияланды

Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды

Дамушы нарықтарда валюталардың динамикасы әртүрлі бағытта өрбіді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

4 мамырда АҚШ ФРЖ Орталық банктің мөлшерлемені болжанған көрсеткіштен де арттыратыны туралы қаупін әлсіретіп, пайыздық мөлшерлемені 2000 жылдан бері алғаш рет 50 б.т. арттырды. Қытайда COVID-19 қайта өршуімен күресу шараларынан туындаған жеткізілім тізбегіндегі проблемалар аясында тұтыну бағасының өсуі байқалады (сәуірде CPI индексі жылдық мәнде 2,1%-ға өсті).  

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамыныңсерпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Ресей рублі күшті сауда сальдосы, өспелі мұнай және күрделі операцияларға қойылған шектеулер аясында 8%-ға (75,45-тен 69,4-ке дейін) нығайды. Сондай-ақ, РФ Орталық банкінің негізгі мөлшерлемені 14%-ға дейін 300 б.т. төмендету жөніндегі шешімінен кейін рубльдің өсуі қарқын алды;
  • Мексика песосы АҚШ ФРЖ-ның болашақта ақша-кредит саясатын агрессиясыз қатаңдату туралы мәлімдемесі аясында 0,5%-ға (20,23-тен 20,13-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы АҚШ DXY доллары индексінің нығаюы және мұнай бағасының қайта өсуі аясында 0,6%-ға (76,48-ден 76,92-ге дейін) әлсіреді. 4 мамырда Үндістанның Резервтік банкі пайыздық мөлшерлемені 4,4%-ға дейін 40 б.т. арттырды;
  • Индонезия рупиясы АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі кезінде АҚШ долларының нығаюы аясында 0,8%-ға (14362-ден 14480-ге дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы жаһандық тәуекел-сентименттің төмендеуі мен сәуір қорытындысы бойынша инфляцияның 69,97%-ға дейін үдеуі аясында 1,4%-ға (14,74-тен 14,95-ке дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды шетелдік капиталдың әкетілуі мен мерекелік демалыс күндері жергілікті нарықтардың жабылуына байланысты сауда көлемінің төмендеуі аясында 2,5%-ға (15,61-ден 16-ға дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы Орталық банктің базалық пайыздық мөлшерлемені 12,75%-ға дейін 100 б.п. арттыруына қарамастан, тәуекел дәрежесінің нашарлауы мен АҚШ долларының нығаюы аясында 5,8%-ға (4,8-ден 5,08-ге дейін) әлсіреді.
Сондай-ақ оқыңыз