Сақтандыру қызметтерін қашықтан алуға болады ма?

Жарияланды

Сақтандыру компаниясын таңдау кезінде неге назар аудару керек? 

Сақтандыру не үшін қажет және қандай сақтандыру түрлері бар екендігі жөнінде Fingramota.kz. айтып берді. 

Сақтандыру деген не?

Сақтандыру – бұл, бірінші кезекте, өзіңе, өз отбасыңа және мүлкіңе деген қарым-қатынас мәдениеті. Сақтандыру төлем і– бұл сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы басталған кезде немесе жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзім басталған кезде сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы.

Сақтандырудың қандай түрлері бар?

Сақтандыру екі түрге бөлінеді: заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын міндетті және ерікті, яғни сақтандыру шарты тараптарының еркі бойынша жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда сақтандыру компаниялары сақтандырудың 9 міндетті және 24 ерікті сыныбы бойынша қызмет көрсетеді.

Сақтандыру түрлерімен, оның ішінде міндетті сақтандыру түрлерімен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kz интернет-ресурсында «Статистика» → «Сақтандыру секторы» бөлімінде танысуға болады.

Ерікті сақтандыру сақтандыру нысаны бойынша жеке және мүліктік болып бөлінеді.

Ерікті сақтандырудың негізгі түрлері: мүлікті сақтандыру, өмірді жинақтаушы сақтандыру, сырқаттану жағдайында сақтандыру, жазатайым оқиғадан сақтандыру, КАСКО, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.

Сақтандыру қызметтерін қашықтан алуға болады ма?

Бүгінгі таңда автокөлік пен жылжымайтын мүлікті сақтандыру полистері сияқты барынша стандартталған өнімдер онлайн-форматқа ауыстырылуда. Мысалы, 2019 жылдан бастап автокөлік иелері автокөлікті міндетті сақтандыру шартын онлайн режимінде жасау мүмкіндігіне ие болды, қазіргі уақытта КҚИ АҚЖ бойынша шарттардың 100%-ы электронды нысанда жасалуда. Автокөлік иелері үшін жағымды бонус – қағаз құжаттарды өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Электрондық полистің мәні Бірыңғай сақтандыру дерекқоры (БСД) арқылы шарт жасасуда және ол оған бірегей нөмір беруді көздейді. БСД деректері сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тарифтерін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді.

Цифрландырудың келесі кезеңі – сақтандыру жағдайын онлайн-реттеуді енгізу, оның мәселесі заң шығарушылық бастамалар шеңберінде қаржы реттеушісімен пысықталуда. Реттеуші сақтандыру төлемдерін қабылдау процесін электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отыр. Сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда, іске асыру нәтижелері бойынша клиент төлем алу үшін кеңсеге бармай-ақ, сақтандыру компаниясының сайтында өтініш бере алады. Құжаттар топтамасын қалыптастырудан бастап, сақтандырушының шешімін төлеуге немесе шағымдануға дейін сақтандыру жағдайын реттеу процесінің барлық кезеңдері БДСБ-да тіркелетін болады.

Атап айтарлығы, 2022 жылдан бастап БДСБ базасы ерікті сақтандыру сыныптары жөніндегі деректермен толықтырылып келеді, бұл келешекте барлық сақтандыру полистері бойынша толық және нақты статистиканы алуға мүмкіндік береді, сақтандырушылардың клиенттермен өзара іс-қимылының барлық процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Сақтандыру компаниясын таңдау кезінде неге назар аудару керек? 

Қаржы реттеушісінің лицензиясының болуы 

Компанияның тарифтері

Компанияның беделі

Сондай-ақ оқыңыз