БАҚ: Германия биылғы жылдың соңына дейін ресейлік мұнайды импорттаудан бас тартады

Жарияланды

Bloomberg: Германия ЕО-да консенсус болмаса да, ресейлік мұнайды импорттаудан бас тартады

Германия Ресейге қарсы санкциялардың келесі пакеті аясында Еуропалық Одақ бұл мәселе бойынша келісімге келмесе де, осы жылдың соңына дейін ресейлік мұнайды импорттаудан бас тартады, деп хабарлайды Bloomberg үкіметтегі дереккөздерге сілтеме жасап.

Канцлер Олаф Шольцтың үкіметі Украинаға қарсы операцияға жауап ретінде Еуроодақтың шектеулерінің бір бөлігі ретінде ресейлік мұнайдан кезең-кезеңмен бас тартуды алға тартады деп отыр. Берлин қазірдің өзінде баламалы энергия жеткізушілерімен келісімдер жасаумен айналысып жатыр, бірақ мұнай тапшылығын толтыратын елдердің тізімі әлі жарияланған жоқ.

Германия үкіметі логистикалық мәселелерді алты-жеті айдың ішінде шеше алатынына сенімді.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, мұнай санкциялары мен энергетикалық қауіпсіздік тақырыбы Шольцтің бейсенбіге жоспарланған Голландия премьер-министрі Марк Рюттемен, сондай-ақ жұма күні Катар әмірі Тамим бен Хамад әл-Танимен кездесуінде келіссөздердің басты тақырыбы болады.

Сондай-ақ оқыңыз