Елімізде өткен тәулікте бес адамда індет анықталды

Жарияланды

Соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясының бес жаңа жағдайы анықталды.

Қазақстанда барлығы 1 миллион 305 649 адам коронавирус жұқтырған.

Пандемия басталғаннан бері 13 661 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.

Коронавирустық пневмония жағдайы анықталған жоқ (2020 жылғы 13 наурыздан бастап – 89 066).

Қазір 196 адам ауырып жатыр, оның 51-і стационарда, 145-і амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 11 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 1.

16 мамырдағы жағдай бойынша 9 492 972 адам вакцинаның бірінші компонентін, 9 262 898 адам екінші компонентті, 4 182 431 адам екпе алды.

Сондай-ақ оқыңыз