Қарағандыда 261 миллион теңге салықты төлемеген кәсіпкер сотталды

Жарияланды (жаңартылды )

Оның сыбайласы да жауапқа тартылды

Қарағандыда сот салық төлеуден жалтарды деп айыпталған «Tim Oil» ЖШС директорын үш жыл төрт айға бас бостандығынан айырды.

Тергеу мәліметінше, Өмірхан Абрезов жанар-жағар май құю бекеттерінде сату кезінде бес жыл бойы (2012-2017 жылдар аралығында) Татьяна Олейникова бақылайтын кассалық компаниялардың қызметін пайдаланған. Шығындарды асыра бағалау мақсатында ол «Бай Босс» ЖШС, «АЙ и К» ЖШС, «Бастау-Laif » ЖШС және «Шебер Ойл» ЖШС атынан берілген жаппай шот-фактураларды КТС және ҚҚС декларацияларында көрсеткен. Осылайша мемлекетке жалпы сомасы 261,4 млн теңге шығын келтірілген.

Сот отырысында Өмірхан Абрезов өзіне тағылған қылмысты мойындамады. Ол жанар-жағар май жеткізу іс жүзінде жүргізілгенін, төлем қолма-қол, кейде жүргізушілер арқылы жүргізілгенін түсіндірді.

Өз кезегінде Татьяна Олейникова жалған шот-фактураларды шығаруға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Оның айғағы бойынша, «Шебер Ойл» ЖШС балансында резервуар паркі, көліктер мен цистерналар болған. «Бай Босс» ЖШС, «АЙ и К» ЖШС және «Бастау Laif » ЖШС «Шебер Ойл» ЖШС-нен терминалдарды жалға алған.

Істегі дәлелдемелердің жиынтығын зерттей келе, сот сотталушылар кінәлі деген қорытындыға келді. Ақырында ол Өмірхан Абрезовты үш жыл төрт айға, Татьяна Олейникованы екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін Қарағандыда «Шебер Ойл» ЖШС құрылтайшысы Татьяна Олейниковаға қатысты 69,6 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға өндіру туралы қылмыстық іс оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты жабылғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз