Қазақстанда зейнет жасын қысқарту мәселесі жыл соңында шешіледі

Жарияланды

Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов республикада зейнет жасын төмендету мәселесі 2022 жылдың соңында шешілетінін айтты. Осыған байланысты зейнеткерлік жас 2023 жылы төмендетілуі мүмкін. Бұл туралы «Astana TV» телеарнасы хабарлады.

Оның айтуынша, бұл мәселе әлеуметтік кодекс аясында талқыланатын болады.

2022 жылы Қазақстанда ерлер үшін зейнет жасы 63, әйелдер үшін 60,5 болады. Әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 2027 жылға дейін, яғни 63 жасқа жеткенше жыл сайын 6 айға артады.

Сондай-ақ оқыңыз