KAZ Minerals Тобы алаяқтар туралы ескертті

Жарияланды

Мыс өндіруші компания құқық қорғау органдарына жүгінеді

KAZ Minerals Тобы алаяқтар компания атауын пайдаланып, азаматтардың жеке деректері мен қаржысын алуға тырысқан жағдайлардың жиілеп кеткені туралы хабарлайды. Әлеуметтік желілерде асқан белсенділік байқалып отыр, онда түрлі посттар таратылып, жалған жарнамасы бар сілтемелер жарияланады.

«Соңғы уақытта алаяқтар қаржы институттарымен шектелмей, халықты алдау мақсатында экономиканың басқа секторларындағы табысты брендтерді, оның ішінде KAZ Minerals-ты, «пайдаланып» жүр, – деп атап өтті KAZ Minerals Тобы корпоративтік байланыстар департаментінің басшысы Мақсұт Жапабаев. – Біздің ресми мәлімдемеміз – Компания азаматтарға арналған инвестициялық бағдарламаларды жүргізбейді. Жақында ол биржадан кетіп, жеке меншік компанияға айналды және енді оның еркін айналымдағы акциялары жоқ. Қазақстандықтарды қырағылық сақтауға, ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын ұстануға, өзінің жеке деректерін ешкімге хабарламауға, күмәнді ақпаратты компанияның ресми ресурстары арқылы тексеруге шақырамыз. Ал ең бастысы – таныс-туыстарыңызға «қыруар қаржы әкелетін» қадамдарға бармау туралы ескертіңіз».

Сондай-ақ оқыңыз