Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылуын мақұлдау үшін Түркия бірнеше талаптар қойды

Жарияланды (жаңартылды )

Шарттардың бірі – ресейлік С-400 сатып алуға салынған санкцияларды алып тастау

Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылуын мақұлдау үшін Түркия басқалармен қатар F-35 ұшқыштарын оқыту бағдарламасына қайта оралуды және ресейлік С-400 ұшақтарын сатып алуға салынған санкцияларды алып тастауды талап етеді, деп хабарлайды РБК.

Bloomberg ақпарат көздерінің хабарлауынша, Анкара сонымен қатар Швеция мен Финляндиядан Түркияның Сириядағы операциясына байланысты 2019 жылдан бері күшіне енген қару-жарақ жеткізуге қойылған шектеулерді алып тастауды талап етеді.

Еске салайық, НАТО-ның барлық 30 елі мүшелікті ратификациялауы керек, бұл 4 айдан 12 айға дейін созылуы мүмкін. НАТО-ны Финляндия мен Швеция есебінен кеңейту Ресей Федерациясының альянспен шекарасының ұзындығын 1,2 мың км-ден астамға ұзартады.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болуына қарсы болғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз