АҚШ Киевтегі елшілігін қайта ашып, онда қауіпсіздік шараларын күшейтті

Жарияланды (жаңартылды )

Үш айлық үзілістен кейін

АҚШ билігі үш айлық үзілістен кейін Киевтегі елшілігінің жұмысын қайта бастады. Бұл туралы iz.ru сайты хабарлады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің 18 мамырда жасаған мәлімдемесіне сәйкес, дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданған.

«Осы маңызды қадамды жасай отырып, біз Киевке қайтып келе жатқан әріптестеріміздің қауіпсіздігін жақсарту үшін қосымша шараларды ұсындық, сонымен қатар қауіпсіздік шаралары мен хаттамаларымызды күшейттік», – деп қосты Блинкен.

Мемлекеттік хатшы Америка Құрама Штаттарының «алда күтіп тұрған сын-қатерлерге төтеп беруге бел байлағанын» қосты.

Сондай-ақ оқыңыз