Елімізде алимент төлеуден жалтарған әкелер саны артуда

Жарияланды (жаңартылды )

Шымкентте ер адам 7 жыл бойы алимент төлемеген

Шымкентте ер адам жеті жыл бойы алимент төлеуден жалтарған, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасына толмаған екі баласына ай сайын табысының немесе өзге кірісінің 1/3 мөлшерінде алимент төлеуге тиіс болса да, сот бұйрығы шыққан уақыттан бері жеті жыл бойы міндетті қаражатты төлеуден жалтарып жүрген.

 Борышкерге бірнеше рет ескерту хабарламасы берілген, сондай-ақ азамат түсініктеме жазып, іс қағаздармен танысып, төлеуге міндеттелген. Алайда ешқандай төлем жүргізілмеген.

 Аталған жайт бойынша қарыз берешегі негізінде барлық шектеулерді қойып, Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеке сот орындаушысынан өз балаларын асырауға алимент төлемеген борышкерді қылмыстық жаупкершілікке тарту туралы қаулы түскен. Азаматтың қазіргі таңда алимент бойынша берешегі 3 235 709 теңгені құраған.

Тәртіп сақшыларымен ҚР ҚК-нің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, Шымкент қаласы мамандандырылған кәмелетке толмаған істер жөніндегі сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыз