Мектептегі оқу бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

Жарияланды
«Еңбекке баулу» пәні бірінші сыныптан бастап оқытылады

Мектептегі оқу бағдарламасына «Еңбекке баулу» пәнін қайта енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы сенат отырысында вице-премьер Ералы Тоғжанов айтты.

Шенеунік өз сөзінде ұрпақ тәрбиесінде еңбекке баулудың маңызы зор екенін атап өтті. 2022-2023 оқу жылында бірінші сыныптан бастап енгізілетін жаңа пәнді  оқыту аясында мектеп жанынан жылыжайлар ашылатын болады.

Тоғжановтың айтуынша, қазақстандық мектептердің 7%-ға жуығында бұндай тәжірибе бар.

 Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап мектептерде «педагог-кәсіптік бағдар беруші» маман жұмыс істейтін болады. Бұл мамандар жетінші сыныптан жоғары оқитын оқушылардың болашақ мамандығын таңдауына көмектеседі.

Бұған дейін 2022 жылы Қазақстанда бірінші сыныпқа 414 мыңға жуық бала баратыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз