Қазақстаннан Грекияның екі қаласына ұшақ ұшатын болды

Жарияланды

Рейстер әр бағытта аптасына үш рет орындалады

2022 жылдың 1 маусымынан бастап «Эйр Астана» Нұр-Сұлтан – Ираклион – Нұр-Сұлтан (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) және Алматы – Ираклион – Алматы (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) бағыттары бойынша рейстерді орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

Ұшақтар әр бағытта аптасына үш рет ұшады

Әуе қатынасы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпанияның сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-321NEO үлгісіндегі ұшақта орындалатыны атап өтілді.

Бұған дейін Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар рейсі екі есеге өсетіні хабарланған болатын. Елдер арасындағы апта сайынғы рейстер саны 124-ке дейін артады.

Сондай-ақ оқыңыз