Канадада дауыл сегіз адамның өмірін қиды

Жарияланды

500 мыңнан астам адамды жарықсыз қалдырды

Сенбі күні түстен кейін Канаданың халқы ең көп екі провинциясы Онтарио мен Квебекті соққан дауыл кем дегенде сегіз адамның өмірін қиып, 500 мыңнан астам адамды жарықсыз қалдырды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ билікке сілтеме жасап. Бұл туралы interfax.ru сайты хабарлады.

Коммуналдық қызметтердің мәліметінше, жылдамдығы сағатына 130 шақырымнан асатын желдің екпіні ағаштарды, бағаналарды, электр желілерін кесіп кеткен.

Өлімге әкеп соқтырған жарақаттардың көпшілігі ағаштардың құлауынан болған, дейді билік өкілдері. Энергетиктер жексенбі күні электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге тырысуда.

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо федералды үкімет мұқтаждар мен зардап шеккендерге көмектесуге дайын екенін айтты.

«Біздің ойымыз зардап шеккендердің барлығында және электр қуатын қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатқан экипаждарға алғыс айтамыз», – деп жазды Трюдо жексенбіде твиттерде.

Сондай-ақ оқыңыз