Ел егіс маусымына дайын ба?

Жарияланды
Қандай түйткілдер бар?

Негізі ауыл шаруашылығы саласында потенциалы, мүмкіндігі мен қабілеті аса зор, бірақ сонша мүмкіндіктен тиісті нәтиже шығара алмай келе жатқан біздің ел кезекті егіс маусымына кірісті. Биылғы егіс алаңы 23,1 млн гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 105 мың гектарға артық. Жем-шөп дақылдарының алқабы едәуір ұлғайтылып, 3,6 млн гектарға жеткен.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің сөзінше, биыл картоп, күнбағыс, көкөніс, яғни әлеуметтік дақылдар алқабы ұлғайтылған.

«Көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында министрлік бірнеше рет облыс әкімдіктерімен кеңестер өткізді. Егіс жұмыстарын жүргізуге, шаруа қожалықтарын тұқыммен, агрохимиямен, техникамен қамтамасыз етуге, қаржыландыруға байланысты барлық мәселелерді үйлестіру мақсатында республикалық жедел штаб құрылды, оның құрамына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар, сондай-ақ облыстар әкімдерінің орынбасарлары енгізілді. Штаб отырысы тұрақты түрде өткізіледі» деді вице-министр.

  • Биыл егіс жұмыстарын жүргізуге (ақпан-маусым кезеңінде) 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді;
  • Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық.
  • Жеткізу, сақтау және сату бойынша облыс операторларының шығыстарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға 200 теңге/литрді құрайды (АЖҚС-та баға 230-дан 260 теңге/литрге дейін), бұл орташа алғанда 15%-ға арзан.
  • Қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес аграршыларға отын жөнелту жүзеге асырылуда.

«Бұған дейін Ресей тарапынан дақылдарды экспорттауға тыйым салынып, дәнді дақылдарды жеткізу проблемасы туындады. Тұқым бойынша СЭҚ ТН ұқсас коды болғандықтан, оларға да тыйым салынған. Бұл тұқымдар бізге сортты жаңарту және сортты ауыстыру үшін қажет екенін ескере отырып, мәселе премьер-министрлердің орынбасарлары деңгейінде көтеріліп, нәтижесінде РФ үкіметі тұқым әкетуге тыйымды алып тастады. Қосымша 14 мың тоннадан астам дәнді дақылдар тұқымын алуға мүмкіндік берді, бұл қазақстандық аграршыларға дәнді дақылдар тұқымдарының келісімшарт жасалған партияларын алуға мүмкіндік беріп, сорттық әлеуетті күшейтті. Тұқым шаруашылығын қолдауға биыл жергілікті бюджеттерде 11,8 млрд.теңге көзделген» деді спикер.

  • Биыл шамамен 670,2 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған;
  • Бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,7 мың тоннаға артық;
  • Тыңайтқыштарды жеткізуге 408,6 мың тонна көлемінде келісімшарт жасалды;
  • Аграршыларға шамамен 308,1 мың тонна тыңайтқыш тиелді;
  • Минералдық тыңайтқыштардың ірі өндірушісі – ҚазАзот компаниясы өндірілетін аммиак селитрасының құнын тоннасына 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады;
  • Минералды тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялауға 38,4 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен қосымша 11,6 млрд теңге бөлінген.

Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, 2022 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кредит беруге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінді.

«Кең дала» бағдарламасы аясында ресми түрде 70 млрд теңге сомасына 2562 өтінім келіп түсті, оның ішінде 69 млрд теңге сомасына 2086 өтінім қаржыландырылды. Сонымен қатар, әлемдік азық-түлік нарықтарындағы құбылмалылыққа байланысты фермерлер үшін салдарды нивелирлеу мақсатында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру көлемін қосымша 70 млрд теңгеге ұлғайту және бюджеттік кредиттеудің жалпы сомасын 140 млрд теңгеге дейін жеткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы фермерлердің өздері сұрады» деді спикер.

  • «Аграрлық несие корпорациясы» өз қаражатынан 14 млрд теңгеден астам сомаға 435 кредит берді;
  • Форвардтық сатып алу шеңберінде «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ  93,6 млрд теңгеден астам сомаға 550 өтінім түсті.
  • 74,4 млрд теңге сомасына 410 өтінім қаржыландырылды.
  • Жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, зығыр, рапс, соя, қарақұмық және жүгері сияқты он атауға дейін сатып алынатын дақылдардың тізбесі кеңейтілді.
  • Қазіргі уақытта 11,3 млн. га алаңға дақылдар егілді.
  •  

Егін шаруашылығы департаментінің директоры Азат Сұлтановтың айтуынша, құрғақшылық бойынша Қазгидромет болжамы жазғы кезеңге қолайсыз.

«Егіс жұмыстары кезінде көктемгі құрғақшылық болған жоқ. Ауа райы қолайлы. Жұмыс жүріп жатыр. Ылғалдың жиналуы бар. Фермерлер жасауға тиіс болған, бірақ жасамаған жалғыз нәрсе – қыста қалған ылғалды жинау және сақтау бойынша іс-шаралар. Мол егін жинаудың жалғыз жолы – ылғалды жабу. Өз егініне қамқорлық жасайтын фермерлер бұл шараларды жасады. Агроғылымның деректері бойынша, бұл өнімділік гектарына 0,7 центнерге, ең төменгі деңгейге ұлғаяды деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Қыс мезгілінде болған ылғалдылық сақталып, қазір вегетация кезеңінде өсімдіктер жеткілікті ылғалмен қамтамасыз етіледі» деп жауап берді сарапшы.

Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, әкімдіктер жүргізген жұмыстардың аясында 2019-2021 жылдар аралығында 8,1 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды, олар бойынша мынадай шаралар қабылданған:

  • 3,4 млн гектар шаралар қабылданғаннан кейін жер учаскелерінің бұрынғы меншік иелері мен жер пайдаланушылар игере бастады;
  • 2,1 млн гектар мемлекеттік меншікке қайтарылды;  
  • 2,6 млн гектар мемлекеттік меншікке қайтару жұмысы жүрып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз