Елімізде бес адамда індет анықталды

Жарияланды (жаңартылды )

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясының бес жаңа жағдайы анықталды.

Қазақстанда барлығы 1 миллион 305 715 адам коронавирус жұқтырған.

Пандемия басталғаннан бері 13 661 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.

Коронавирустық пневмонияның 6 жағдайы анықталды (2020 жылғы 13 наурыздан бастап – 89 119).

Қазір 139 адам ауырып жатыр, оның ішінде 47 науқас стационарда, 92 науқас амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 5 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 1.

26 мамырдағы жағдай бойынша вакцинаның бірінші құрамдас бөлігі – 9 500 904, екіншісі – 9 275 139 адам, күшейткіш – 4 351 015 адам.

Сондай-ақ оқыңыз