Нұр-Сұлтанда тағы бір автотұрақ ақылы болады

Жарияланды

Бір сағаты 100 теңге

лордадағы Нұр-Сұлтандағы Иманов көшесі бойындағы автотұрақтар 1 маусымнан бастап ақылы болады. Бұл туралы елорданың автотұрақтары Facebook парақшасында хабарлады.

Көше бойында барлығы 252 автотұрақ бар 16 жаңа аймақ іске қосылуда.

Автотұрақ шекарасындағы үйлердің тұрғындары үшін айына 1500 теңге тұратын резиденттік абонемент жұмыс істейді. Құжаттар тізбесі және ресімдеу жөніндегі нұсқаулық astanapark.kz сайтының «Резиденттер» бөлімінде орналастырылған.

Әрбір тұрақ аймағында ақпараттық қалқандар және ақылы тұрақ белгісі орнатылған. Қалқанның жоғарғы жағында төрт таңбалы нөмір орналасқан. Бұл нөмір тұрақ ақысын төлеу кезінде көрсетілуі керек. Сондай-ақ, уақыт пен техпаспортқа сәйкес автомобильдің мемлекеттік нөмірін көрсету керек.

Төлем алғашқы 30 минутта жасалуы керек.

Ақылы тұрақтардың жұмыс тәртібі: жұмыс күндері сағ. 8:00-ден 20:00-ге дейін.
Демалыс және мереке күндері тұрақтар тегін.

Сондай-ақ оқыңыз