Назарбаев референдум мен Ата Заңға енгізілетін өзгерістерге қатысты пікір білдірді

Жарияланды
Экс-президент бұл жолы да Тоқаевты қолдайды

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев референдумға барып, өз даусын береді. Оның айтуынша, қоғамның демократиялық дамуына ықпал етер болса, әрбір ұрпақ негізгі заңға өзгеріс енгізуге құқылы. Бұл туралы ол саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында айтты. Сұхбат саясаттанушының Telegram каналында жарияланды.

«5 маусымда өзіме берілген Конституциядағы құқығымды міндетті түрде қолданып, референдумда дауыс беремін. Осы жылдар ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді реформалау мен одан әрі дамыту жөніндегі іс-қимылын барынша қолдадым. Бұл жолы да қолдау көрсететініме күмәнданбасаңыздар болады» деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Назарбаев Конституцияға сәйкес президент ретіндегі өкілеттілігін тапсырғанын және Тоқаевты бұл жолы да қолдайтынын жеткізді.

«2019 жылы саналы қадам жасап, көпшіліктің қарсылығына қарамастан, Мемлекет басшысы қызметінен кеттім. Халықтың қолдауымен кеттім. Мұны 2015 жылғы соңғы президенттік сайлау дәлелдейді, ол кезде мен 97,7 пайыз дауыс алдым. Менде белгілі бір өкілеттіктер қалды, бірақ бұл тегіс саяси транзит үшін және қоғам мен билік элитасында болуы мүмкін қайшылықтарды жеңілдету үшін жасалды» деді ол.

Сұхбат барысында тұңғыш президент заң бәріне ортақ екенін айтып, Рахат Әлиевпен болған оқиғаны еске салды.

Сондай-ақ оқыңыз