Лионель Месси: «Реал Мадрид» Еуропадағы ең мықты команда емес, бірақ Чемпиондар лигасын жеңіп алды

Жарияланды

Ол «Алтын доп» иегері «Реал Мадридтің» шабуылшысы Карим Бензема болатынын айтты

«Пари Сен-Жермен» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси «Реалдың» өткен маусымдағы ойыны туралы пікір білдірді. Бұл туралы TyC Sports хабарлайды.

34 жастағы аргентиналық шабуылшысы Реал Мадридті Еуропадағы ең үздік команда деп санамайтынын айтты.

«Олар ең мықты емес, бірақ Чемпиондар лигасын жеңіп алды», – деді Месси.

Месси «Алтын доп» иегері «Реал Мадридтің» шабуылшысы Карим Бензема болатынын айтты.

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының финалында «Ливерпульді» минималды есеппен ұтты. Жалғыз голды Винисиус Жуниор соқты. Мадридтік «Реал» өз тарихында 14-ші рет Еуропа кубогын жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыз