Мектепішілік олимпиада жеңімпаздары 94 млн теңге алады

Жарияланды

Алғашқы төлемдер 2022 жылдың қыркүйегінде күтіледі

ҚР Білім және ғылым министрлігі халықаралық мектеп олимпиадаларының жеңімпаздарына 94 млн теңге бөлді. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың сауалына жауап берген ведомство өкілі мектеп оқушылары арасындағы алғашқы халықаралық жарыстар шілде-тамыз айларында жоспарланғанын түсіндірді.

«Қазір квоталар толығымен бекітілді, сіздердің қолдауларыңызбен 94 млн теңге бөлінді. 20 тамызға дейін бұл жұмыстар аяқталады, өйткені соңғы олимпиада 17 тамызда өтеді», – деді Каринова.

Олимпиада жеңімпаздарына сыйлықтар 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тапсырылады деп уәде етілген.

Сондай-ақ оқыңыз