500-ден астам қазақстандық несие тарихына қол жеткізуді өз еркімен шектеді

Жарияланды (жаңартылды )

Бірінші несие бюросы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 500-ден астам қазақстандықтың несие алу үшін қаржы институттарына несие тарихына қол жеткізуін шектегенін хабарлады.

Бұл қызмет биылғы жылы Бірінші несие бюросының сайтында қолжетімді болды. «Стоп-кредит» қызметі азаматтарға құжаттарын жоғалтқанда, шетелге шыққанда немесе басқа да жағдайларда несиелік алаяқтардан қорғануға көмектесу үшін іске қосылды. Несиелік тарихты ұсынуға ерікті шектеу қаржы институттары үшін жалған несиеге қосымша тексеруді білдіреді.

Мұндай өнімге деген қажеттілік баяғыда туындап, азаматтардан түсетін ұсыныстарға байланысты сервисті құру мәселесі өзекті бола бастады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мәжіліс депутаттарының несие беруге ерікті түрде тыйым салуды енгізу туралы үндеуін қарап, мұндай шектеуді енгізуді қолдады.

Сондай-ақ оқыңыз