БҰҰ Түркияның халықаралық атауын өзгертті

Жарияланды

Ресми құжаттарда елдің атауы Türkiye болып өзгертілді

БҰҰ Түркияның барлық ресми құжаттардағы республика атауын өзгерту туралы өтінішімен келісті, деп хабарлайды РИА Новости.

Ел атауының қысқа нұсқасы енді Türkiye болады. Алфавит бойынша Түркияның орны өзгермейді.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу түсіндіргендей, ел атауының емлесін өзгерту Анкараның Түркияның халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған қадамдары аясында қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыз