Референдумның экзитпол нәтижесі шықты

Опубликовано

«Қоғамдық пікір» институтының мәліметінше, қазақстандықтардың 74,8 пайызы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге дауыс берген

Экзитполдың алғашқы қорытындысын 31-арнада «Қоғамдық пікір» институты жариялады. Респонденттердің 74,8 пайызы Конституцияға өзгертулер енгізуге дауыс берді. 25,2 пайызы қарсы, деп хабарлайды Referendum2022.kz Telegram-арнасы.

Экзитпол қорытындысы бойынша референдумға сайлаушылардың 70,1 пайызы қатысқан.

Сұрауға 24 мың респондент қатысты. Сауалнамада республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, шағын қалалар және ауылдық елді мекендер қамтылды. Сауалнама 600 (алты жүз) сайлау учаскесінде өткізілді. Сауалнама қателігі 2% пайыз шамасында.

Респонденттерге «Айтыңызшы, Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген бір ғана сұрақ қойылды. Бұл сұраққа респонденттердің 74,8%-ы Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдадым, 25,2%-ы қарсы дауыс бердім деп жауап берді.

Экзитпол нәтижелері бойынша референдумге қатысушылар 70,1% құрады.

Читайте также