Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістер күшіне енді

Жарияланды (жаңартылды )
Республиканың Орталық сайлау комиссиясы референдумның қорытындысын шығарды

Конституцияға қабылданған толықтырулар мен өзгертулер референдум қорытындысы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енді. Бұл туралы брифингте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті.

Оның айтуынша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31, 34-баптары негізінде еліміздің негізгі заңына ұсынылып отырған өзгерістер қабылданды деп есептеледі. Референдумда қабылданған шешім міндетті болып табылады және актілермен қосымша растауды талап етпейді.

Қазақстан Республикасының ОСК 6 маусымда жарияланған референдумның алдын ала нәтижелерін растады. Сандар өзгерген жоқ. Осылайша, сайлаушылардың 68,05 пайызы қатысқан. Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерді қазақстандықтардың 77,18 пайызы қолдады. 18,66 пайызы реформаларға қарсы дауыс берді.

Сондай-ақ оқыңыз