Қостанай облысының шенеуніктері адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінді

Жарияланды

Күдіктілердің бірі үйқамаққа алынды

Қостанай облысында «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктілердің бірі үйқамаққа алынды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай облысындағы әлеуметтік мекемелердің бірінде мемлекет қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматты күдіктілер жекеменшік қарттар үйіне бос жұмыс күші ретінде пайдалану үшін Нұр-Сұлтанға ауыстырған.

«Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешім олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, тергеу нәтижелері бойынша қабылданады», – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз