Жаңалықтар

Франция билігі тұрғындарға кондиционерлерді қолдануды шектеуге шақырды

Еуропаның басқа елдері тәрізді Францияда электр энергиясы қымбаттады

Францияда техниканы қолдануды шектемек. Оның ішінде әсіресе кондиционерлерді қодануды шектеуге шақырды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Францияда 2030 жылға дейін электр энергиясын тұтыну мөлшерін 40 процентке азайту жоспары бар.

Қазіргі уақытта Еуропаның басқа елдері тәрізді Францияда электр энергиясы қымбаттады. Оған Украинадағы шиеленіс себеп. Соғыс салдарынан әлемде қуат көздерінің бағасы күрт өсіп кеткен.