Samsung компаниясы қымбат емес жиналмалы смартфон жасап жатыр

Жарияланды

Құрылғының шығу мерзімі әлі белгісіз

Samsung арзан жиналмалы телефон жасауды жоспарлап отыр. Бұл туралы PhoneArena басылымы хабарлайды.

Бұқаралық ақпарат құралдары chunvn8888 лақап атымен танымал Twitter инсайдеріне сілтеме жасайды. Маманның айтуынша, корейлік корпорация қымбат емес жиналмалы смартфон шығару жұмысын бастаған. Автор бұл құрылғыны Samsung Galaxy A сериясына қосуды ұсынды.

Инсайдер құрылғыны шығарудың нақты уақыты туралы айтпады. Бұл ретте ол құрылғы нарықта 2024 немесе 2025 жылы пайда болады деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыз