Қарағанды облысында 90 кәсіпкерге 109 млн теңге қайтарылды

Жарияланды

Бұл шараға облыс прокурорлары ықпал етті

Қадағалау шараларымен 90 кәсіпкерге 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды. Шаруашылық субъектілері тапсырыс берушілер алдындағы шарттық міндеттемелерін орындағандарына қарамастан ұзақ уақыт бойы мемлекеттік органдардан орындалған жұмыс/қызметтер үшін төлем ала алмаған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Енгізілген наразылықтар бойынша құны 800 миллион теңгеден асатын 8 тендер өткен жоқ. Прокурорлар мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу кезінде әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру қағидаты бұзылғанын анықтады. Лауазымды тұлғалар біліктілік талаптарын негізсіз қою жолымен конкурстық рәсімге қатысуды қиындатқан. Қадағалау актілерімен аталған конкурстардың өткізілуіне жол берілмей, талаптар заңға сәйкестендірілді. Әлеуетті жеткізушілердің шексіз ауқымының құқықтары сақталды.

Облыстың бес қаласында Білім беру бөлімдері келісім-шарттың бір шарты ретінде «қызметтердің техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау және тексеру» талабын көрсетіп, барлық шығындарды кәсіпкерлердің өздеріне жүктеген. Осындай жолмен Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Саран және Балқаш қалаларының Білім бөлімдері іс жүзінде бақылау-қадағалау органдарының функцияларын өздеріне алған. Прокурорлардың дер кезінде қабылдаған шаралары келісім-шарттарға өзгерістер енгізуге және кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуға жол бермеуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, бөлшек саудаға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстың 4 өңірінде стационарлық емес сауда нысандарының орындары белгіленді.

Қарағанды облысының прокуратурасы кәсіпкерлерді уәкілетті мемлекеттік органдардың кез-келген негізсіз араласуы, кедергі келтіруі және құқықтарды бұзуы фактілері туралы хабарлауға шақырады.

Мобильді топтардың өңірлік өкілдерінің байланыс деректері облыс прокуратурасының ресми сайтында орналастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз