Сот шешімімен «Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобы ҚР бюджетіне 10 млрд теңгені қайтарады

Жарияланды (жаңартылды )

Қылмыстық топ мүшелері 3 жылдан 5 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды

ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық Департаменті «Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеді. Бұл туралы AФM хабарлайды.

Көмековтер ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 белсенді мүшесін басқарғаны, олардың әрқайсысы жалған кәсіпорындардың тұтас желісі арқылы іс жүзінде жұмыс істемей, шот-фактураларды берудің қылмыстық схемасында белгіленген қызмет жасағаны анықталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекет бюджетіне салық түріндегі 1 миллиард теңгеден астам қаражат түспеген.

Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың кеңсесін және 17 миллион теңгеден астам қаражатты тәркілеумен қатар, мемлекеттік кірістер органдардың 10 млрд теңгеден астам сомаға келтірілген залал сомасын өтеп беру туралы азаматтық талап арызын да қанағаттандырды.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар түзеу мекемелерінде 3 жылдан 5 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, Көмековтер қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыз