«Түркияға арзан жолдамалар беремін» алаяқ азаматтардың ақшасын жымқырған

Жарияланды

Полиция алаяқты ұстады

        Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті «Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі хабарлады.

        Тергеу барысында қаскүнем Түркияға арзан билеттерді беремін деген сылтаумен ақшаны алдап иемденгені анықталды. Елорда тұрғынынан 520 мың теңге сомасында алдын ала төлем алып, ұмытылмас демалыс ұйымдастыруға уәде берген алаяқ, алданған клиентті түксіз қалдырған. Ер адам полицияға арызданған. Бұрын сотталған күдікті ұсталды.

        Тәртіп сақшылары оның тағы бір алаяқтық фактісіне қатыстылығын анықтады. Бұл жолы ол 22 жастағы қыздан 300 мың теңге алып, заңгерлік қызмет көрсетуге уәде берген.

        Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

      

Сондай-ақ оқыңыз