Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысында Қазақстанда АЭС салынатын жер анықталғанын айтып өтті. Алайда мемлекет басшысы қай өңірге салынатынын нақтыламады.
Президент атом энергиясын пайдаланудың маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, жаңартылатын энергияның тұрақсыз және газ тарату ісі шектеулі болған жағдайда «залалсыз» атом үздіксіз энергия берудің жалғыз көзі болады.
«Еліміз табиғи уран өндіруде әлемде бірінші орында тұр. Ядролық отын компоненттерінің өзіндік өндірісі және уранды байыту үшін мүмкіндігі бар. Қазіргі сәтте АЭС орналасатын орынды айқындадық және әлеуетті жеткізушілердің технологиясын зерделеп жатырмыз» деді Президент.