Қазақстандық жұмыс берушілер жұмысшыларға 1,9 млрд теңгеден астам қарыз

Жарияланды

52,5 млн теңгеден астам қаржыға айыппұл салынды

Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 434 кәсіпорнында 8,8 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 996 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 298 нұсқама беріліп, 52,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1 млрд 754,5 млн теңге төленді.

Сондай-ақ оқыңыз