Елімізде тағы тоғыз адамда індет анықталды

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясының тоғыз жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда барлығы 1 305 837 адам коронавирус жұқтырған.

Пандемия басталғаннан бері 13 662 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.

Коронавирустық пневмонияның бес жағдайы анықталды (2020 жылғы 13 наурыздан бастап – 89 190), науқастар қайтыс болған жоқ (барлығы – 5 354).

Қазір 150 адам ауырып жатыр, оның ішінде 31 науқас стационарда, 119 науқас амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 5 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 2.

10 маусымдағы жағдай бойынша 9 512 543 адам коронавирусқа қарсы егілді, 9 290 457 адам екінші компонентті, 4 645 597 адам ревакцинация алды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз