Ердоған тағы да президенттікке үміткер

Жарияланды (жаңартылды )

Сайлау 2023 жылы өтеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 2023 жылы өтетін сайлауда мемлекет басшысы лауазымына өз кандидатурасын ұсынғанын мәлімдеді.

Түркия парламентіндегі екінші үлкен партия Республикалық халық партиясы әлі президенттікке кандидатын ұсынған жоқ. Ердоған оппозициялық партияның жетекшісі Кемал Килиждароглыны өз кандидатын жариялау немесе оның кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылдауға шақырды.

Президент Измирде сөйлеген сөзін қорытындылап, сайлаудың бұрын емес, 2023 жылдың 24 маусымында өтетінін қуаттады.

Бұған дейін Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болуына қарсылық білдіріп, бұл елдердің өкілдерінен Түркияға келмеуді сұраған болатын.

Түркияның қазіргі 12-ші президенті Режеп Тайып Ердоған 2014 жылдың 28 тамызынан бері қызметте. Ол 2014 жылы 10 тамызда өткен президенттік сайлауда жеңіске жетті, 2018 жылы кезектен тыс сайлауда қайтадан президент болып сайланды.

Сондай-ақ оқыңыз