Банк пен қаржы

Мамыр айында Ұлттық қордағы актив көлемі 1,3 млрд доллар өскен

Алайда жыл басынан бері инвестициялық табыс таппаған

Мамыр айында  Ұлттық қордағы валюталық активтер көлемі 1,3 млрд АҚШ долларына өсіп, 53,8 млрд АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордағы активтерге әсер еткен факторлар туралы ҰБ төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.

Өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке теңгедегі шот қалдықтары мен теңгедегі түсімдер есебінен трансферт түрінде 370 млрд теңге бөлінген. Мұнай бағасының жоғары болуына және салық аптасына байланысты мамырда 1,15 млрд АҚШ доллары көлемінде қ валюталық түсім түсіпті.

«Ұлттық қордың инвестициялық кірісі мамыр айында оң қалыптасып, 142 млн АҚШ долларын құрады. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдай, АҚШ ФРЖ-ның ақша-кредит саясатын күшейтуі, сондай-ақ АҚШ долларының нығаюы аясында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі биыл жыл басынан бері теріс күйде қалып отыр» деді Молдабекова.

Бұл ретте Ұлттық қордың ұзақ  мерзімді кіірістілігі құрылғаннан бастап жылдық мәнде 3,24%, соңғы 5 жылда – 2,30% болған.