Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 28 млрд долларға жақындады

Жарияланды 26 Шілде 2026 10:00

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумында / фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты. Биылғы форум жаһандық логистикалық экожүйе құру және екі ел ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктеріне арналды.

Президент сөзінің басында Ресей басшылығына және Омбы облысына соғыс ардагерлерінің, соның ішінде әкесі Кемел Тоқаевтың есімін құрметпен сақтап отырғаны үшін алғыс айтты. Кемел Тоқаев Польша аумағында ауыр жараланып, Омбыда емделген.

Мемлекет басшысы өңірлер арасындағы нақты байланыстар Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жаңа серпін беретінін атап өтті. Оның сөзінше, екі елдің қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткен.

2025 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 28 млрд долларға жуықтады. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айында өзара сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 10%-ға өсті.

Тоқаев екі ел басшыларының өзара мемлекеттік сапарлары және сол кездесулерде қабылданған құжаттар Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтқанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз