Шымкентте балабақша директорлары 45,7 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Жарияланды (жаңартылды )

Олар сабаққа қатысу кестелеріне жалған деректерді енгізді

Шымкентте балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді.

Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019-2021 жылдар аралығында мектепке дейінгі мекемелердің басшылары мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың сабаққа қатысу есебіне дұрыс емес мәліметтер енгізе отырып, жалпы сомасы 45,7 миллион теңгені құрайтын бюджет қаражатын заңсыз жымқырған.

Мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған «Балапан» бағдарламасы бойынша бюджет қаражаты қарастырылған.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз