Зинедин Зидан ПСЖ командасын басқарады

Ол әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футбол бапкеріне айналмақ

Жақын арада «Пари Сен-Жерменді» француз Зинедин Зидан басқарады деп күтілуде. Бұл туралы Mundo Deportivo хабарлайды.

Дереккөздің айтуынша, париждіктер «Реалдың» бұрынғы бас бапкері қойған барлық шарттарды орындаған. 11 маусымда тараптар келіссөздерінің соңғы раунды өтіп, одан кейін келісімге қол қойылады.

Келісімшарттың нақты сомасы айтылмаған, бірақ 49 жастағы маман әлемдегі ең көп жалақы алатын бапкер атанады деп хабарланды.

Алайда, Зидан үшін қаржылық жағдай басты нәрсе емес еді. Оның басты талабы – команданы толық спорттық бақылау: бұл үшін ол өзінің спорттық директоры Леонардомен қоштасуға мәжбүр болды. Зидан сонымен қатар ПСЖ-ның шабуылшы Килиан Мбаппені командада қалдырғанын қалайды. Екі тапсырма да орындалды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар