Ресейдегі McDonald’s мейрамханаларының бұрынғы желісі енді «Вкусно и Точка» деп аталады

Жарияланды (жаңартылды )

McDonald’s Ресейдегі мейрамханаларын 14 наурызда жауып тастаған

Ресейдегі меншік иесі мен брендін өзгерткен бұрынғы McDonald’s мейрамханалары үш айлық үзілістен кейін қайта ашыла бастады. Енді олар «Вкусно и Точка» деп аталады.

«12 маусымда Мәскеуде және осы аттас облыста 15 мейрамхана қайта ашылды. 13 маусымды тағы 50 мейрамхана ашылады, маусым айының соңына қарай 200-ге жуық, содан кейін аптасына 50-ден 100-ге дейін мейрамхана ашылады», -деді Пушкин алаңындағы мейрамхананың ашылу салтанатында желі бас директоры Олег Пароев.

Еске салайық, Украинада арнайы әскери операцияның басталуына байланысты Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін, 14 наурызда McDonald’s Ресей Федерациясындағы мейрамханаларын жауып тастады, ал 16 мамырда компания Ресей нарығынан шығатынын жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз