Дамушы нарықтық валюталар апта ішінде негізінен әлсіреді

Жарияланды

Тек Ресей рублі шетел валютасына сұраныстың жоқтығынан нығайды

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 10 маусымда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,9%-ға (431,95 теңгеден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 435,76 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылдың 3-10 маусым аралығында сыртқы валюта нарығында маңызды бірқатар оқиға болды. АҚШ-та ауыл шаруашылығына жатпайтын сектордағы жұмыс орындары санының мамырда 390 мыңға өсуі – талдаушылардың болжамынан да асып түсті. Оған қоса, мамырда АҚШ-тағы инфляцияның 8,6%-ға ж/ж өсуі экономистердің болжамынан жоғары болды. АҚШ-тағы қуатты макроэкономикалық деректерге сүйенген инвесторлар ФРЖ өз саясатын анағұрлым агрессивті түрде күшейтуі мүмкін деп алаңдайды. ЕОБ ақша-кредит саясатының параметрлерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Сөйте тұра, келесі отырыста ставканы 25 б.т. арттыруға дайын екендігі жөнінде белгі берді.

Бұл факторлар дамушы нарықтарда валюталардың теріс динамикасын қалыптастарды.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Ресей рублі шетел валютасына сұраныс болмағандықтан 6,8%-ға (60,95-тен 56,8-ге дейін) нығайды. Орталық банк негізгі мөлшерлемені 9,5%-ға дейін (1,5 п.т.) төмендетіп, санкцияға дейінгі деңгейге қайта алып келді;
  • үнді рупиясы капитал әкетіліп, мұнай бағасы өскендіктен 0,3%-ға (77,63-тен 77,84-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы 0,8%-ға (14 433-тен 14 553-ке дейін) әлсіреді. Мамырда инфляция 3,55%-ға ж/ж жетті.
  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ-та инфляцияның қарқын алуына қатысты деректер шыққаннан кейін және АҚШ долларының бағамы жаһандық нығаюдан кейін 2%-ға (15,55-тен 15,86-ға дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы 2%-ға (19,56-дан 19,96-ға дейін) әлсіреді. Ақша-кредит саясаты қатаңдатылады деп күтілгендіктен Мексиканың ұлттық валютасы қысымға ұшырады;
  • түрік лирасы ел Президенті негізгі ставканы төмендету туралы жоспар барын мәлімдегеннен кейін 4%-ға (16,45-тен 17,11-ге дейін) әлсіреді. Инфляция мамырда 73,5%-ға ж/ж жетті;
  • Бразилия реалы Президенттің қазанда өтетін сайлау алдында отын бағасын төмендету жөніндегі жоспарына байланысты елдің фискалдық тұрақтылығына қатысты инвесторлардың қаупі күшейгендіктен 4,4%-ға (4,78-ден 4,99-ға дейін) әлсіреді.
Сондай-ақ оқыңыз