Бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,3% жоғары
2022 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 4738,3 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,3% жоғары. Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 8,3% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 31,7% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 68,3%.
Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі, атап айтқанда майлау материалдары, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, аяқ киім, косметикалық тауарлар мен жеке гигиена керек-жарақтарын сататын кәсіпорындарда байқалды.
2022 жылғы 1 маусымға сауда кәсіпорындарының тауар қорының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1151,8 млрд теңгені, сауда күндерінде 65 күнді құрап отыр.