Елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату белсенділігі төмендеді

Жарияланды (жаңартылды )

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 41,9% кеміді

2022 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 500 мәміле тіркелді, сәуір айымен (52 520) салыстырғанда көрсеткіш 41,9% кеміді. Бұл туралы Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.

Сатып алу  белсенділігі Алматы қаласы мен Қарағанды облысында жоғары, сәйкесінше 4 395 пен 4 055 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы, 630. Қазақстандықтар көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үйлерді көбірек алады, мамырда барлығы – 21 078 мәміле болды. Көп пәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан       

 2-бөлмелі пәтерлер әлі де сұранысқа ие. Мамырда 8 мың 2-бөлмелі пәтер рәсімделсе, 1-бөлмелі одан бір мыңға аз. Жеке үйлер бойынша 9 422 мәміле рәсімделді. Жеке үйлерді Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбірек алған.

2022 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 36,9% кеміді. Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы мамырмен салыстырғандағы ең көп төмендеуі Маңғыстау облысында тіркелді – -64,6%.

Сондай-ақ оқыңыз