Ирандағы зауыттағы жарылыстан 70-тен астам адам жарақат алды

Жарияланды (жаңартылды )

Бірнеше зауыт жұмысшысы улы газбен уланған

Ирандағы зауытта жарылыс болып, 72 адам зардап шекті. Оқиға Фарс провинциясының оңтүстігінде орналасқан Фирузабад қаласына жақын жерде болған. Бұл туралы РИА Новости Tasnim агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Бірнеше зауыт жұмысшысы улы газбен уланды», – делінген ведомство хабарламасында.

Жарылыс болған кәсіпорынның натрий карбонатын өндірумен айналысқаны көрсетілген.

Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз