Қазақстанда коронавирустың жаңа 13 жағдайы анықталды

Жарияланды

Тағы төрт адам коронавирустық пневмониямен ауырды

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясының 13 жаңа жағдайы анықталды.

Қазақстанда барлығы 1 305 887 адам коронавирус жұқтырған.

Пандемия басталғаннан бері 13 663 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.

Коронавирустық пневмонияның 4 жағдайы анықталды (2020 жылғы 13 наурыздан бастап – 89 198), науқастар қайтыс болған жоқ (барлығы – 5 354).

Қазір 160 адам ауырып жатыр, оның ішінде 38 науқас стационарда, 122 науқас амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 5 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 1.

15 маусымдағы жағдай бойынша 9 515 881 адам коронавирусқа қарсы егілді, 9 294 229 адам екінші компонентті, 4 728 908 адам ревакцинация алды.

Сондай-ақ оқыңыз