ДДҰ маймыл шешегінің атын өзгертеді

Жарияланды (жаңартылды )

ДДҰ маймыл шешегінің атын өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы брифингте ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебреисус мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлемдегі серіктестермен және сарапшылармен маймыл вирусының атауын, оның тармақтары мен тудыратын ауруын өзгерту үшін жұмыс істеуде, деді ол.

«Біз жаңа атауын мүмкіндігінше тезірек хабардар етеміз», – деді Тедрос Адханом Гебреисус.

Тедрос Адханом Гебреисус маймыл шешегінің індеті алаңдатарлық болды деп хабарлады.

«Осы себепті мен келесі аптада халықаралық денсаулық сақтау ережелеріне сәйкес төтенше комитетті шақыруды шештім», – деді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, биыл 39 елде маймылдың 1600 расталған жағдайы, сондай-ақ расталмаған 1500 жағдай анықталған.

Маймыл шешек – адамдар арасында таралатын сирек кездесетін вирустық инфекция.

Сондай-ақ оқыңыз