Инвестиция

Үкімет «Қазақтелекомның» ұялы байланыс нарығындағы үлесін азайтпақ

Экономиканы демонополизациялау аясында осынлдай ұсыныс айтылды

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында электр энергиясы мен телекоммуникация нарығындағы монополистердің үлесін азайту мәселесі қаралды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Ресми таратылған хабарламада қандай компания екені нақты аталмай, «байланыс қызметтерін көрсету саласындағы ірі операторлардың бірі» деп жазылғанымен, бұл саладағы ең ірі монополист – «Қазақтелеком» АҚ екенін ескере отырып, осы компанияның жайы талқыланған деуге негіз бар.

Отырыс барысында электр энергиясы мен телекоммуникация нарықтарын демонополизациялау бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсыныстары талқыланған.

«Байланыс нарығын демонополизациялау жөніндегі қадамдар аясында ұялы байланыс қызметтерін көрсету саласындағы ірі операторлардың бірінің үлесін төмендету туралы ұсыныс айтылды.
ҚР Премьер-Министрі аталған шаралардың экономикаға әсерін бағалау үшін сараптамалық деңгейде айтылған тәсілдерді пысықтауды тапсырды» делінген хабарламада.