Қырғызстан президенті премьер-министрдің бірінші орынбасарын қызметінен босатты

Жарияланды

Қырғызстаннан ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым министрі қызметіне Арзыбек Қожошев келеді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел премьер-министрінің бірінші орынбасары Арзыбек Қожошевті қызметінен босатты, деп хабарлады Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі.

«Садыр Жапаров жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Арзыбек Қожошев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының тағы бір жарлығымен Адылбек Қасымалиев Қырғызстан үкіметі басшысының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Қасымалиев 2015-2018 жылдары Қырғыз Республикасының Қаржы министрі қызметін атқарған.

Бұған дейін Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев отставкаға кеткен болатын, оның себебі айтылмады.

Сондай-ақ оқыңыз