2022 жылғы сәуірде 83,5 мың автокөлік есепке қойылды

Жарияланды

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% аз

022 жылғы сәуірде 83,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% аз, оның ішінде жүк автомобильдерінің саны 18,7%-ға, автобустардікі 29,1%-ға кеміді, бұл ретте жеңіл автомобильдердің саны 1,5%-ға артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 357,6 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,8% – жеңіл автомобильдер, 10,4% – жүк және 1,8% – автобустар.

Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер саны басым – 50,3%, жасы 10-нан 20 жылға дейін бұрын шығарылған автокөлік құралдарының үлесі – 21,1%, 7-10 жыл аралығындағылар – 14,5%, 3-7 жыл болғандар – 6,4%, машиналардың тек 7,6% пайдалану мерзімі 3 жылдан кем. Шығарылған жылы 20 жылдан астам автомобильдердің үлесі жүк көліктері арасында – 60,8%, автобустар бойынша – 42,2% құрайды.

2022 жылғы сәуірде 83,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% аз, оның ішінде жүк автомобильдерінің саны 18,7%-ға, автобустардікі 29,1%-ға кеміді, бұл ретте жеңіл автомобильдердің саны 1,5%-ға артты.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 357,6 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,8% – жеңіл автомобильдер, 10,4% – жүк және 1,8% – автобустар.

Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер саны басым – 50,3%, жасы 10-нан 20 жылға дейін бұрын шығарылған автокөлік құралдарының үлесі – 21,1%, 7-10 жыл аралығындағылар – 14,5%, 3-7 жыл болғандар – 6,4%, машиналардың тек 7,6% пайдалану мерзімі 3 жылдан кем. Шығарылған жылы 20 жылдан астам автомобильдердің үлесі жүк көліктері арасында – 60,8%, автобустар бойынша – 42,2% құрайды.

Автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында – 534,7 мың бірлік, Алматы қаласында – 508,7 мың бірлік және Қарағанды облысында – 310 мың, Атырау облысында – 116,9 мың бірлік тіркелген.

Жанармай ретінде жеңіл автокөліктер негізінен бензинді пайдаланады (87,8%), көлік құралдарының 8% аралас отынмен жүреді. Жүк көліктерінің 48,7%-ы дизель отынымен, қалғандары бензин (45,9%) мен аралас отын есебінен3) (2,2%) қозғалады.

Сондай-ақ оқыңыз